Жерар Гоу сұрмергендер тізімінде көш бастады

Футболдан ел чемпионатының 15-турынан соң «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу сұрмергендер тізімінде жеке дара көш бастады.

Бұған дейін бомбардирлік жарыста «Ертіс» шабуылшысы Роман Мұртазаев ұзақ уақыт бойы бірінші орында болған. Бірақ Роман соңғы турларда қанжығасын майлай алмай жүр. Мұны «Қайраттың» форварды сәтті пайдаланып кетті. Қатарынан төртінші ойында гол соққан Жерар Гоудың еншісінде 9 доп бар. Екінші орындағы Мұртазаев бүгінге дейін 8 голдың авторы атанды. Соңғы кездері екі голдан гол соғып жүрген Бауыржан Исламхан үздік үштікті түйіндейді. «Қайрат» ФК капитанының еншісінде 7 гол бар.

Естеріңізге сала кетсек, былтырғы маусымда Жерар Гоу 22 голмен үздік бомбардир атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или