Юрий Өткелбаев: «Сен мүмкіндік жасайсың, бірақ қарсылас гол соғады»

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Юрий Өткелбаев «Тобылға» қарсы матч туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.

- Мен өз жігіттерімнің бүгінгі ойындарына көңілім толмайды. Алаңға шыққан ойыншылар барын салып ойнамады. Жасаған мүмкіндіктеріміз бойынша, біз қарсыласқа қарағанда басымдау болдық. Футбол ережесі бар - сен мүмкіндік жасайсың, бірақ қарсылас гол соғып, жеңіске жетіп жатады. Қарсылас өзінің бір мүмкіндігін пайдаланып, гол соғып кете алды.

- Ойынға 37 нөмірдегі ойыншы шықты, ол бүгінгі ойыншылар тізімінде болды ма?

- 37 нөмірлі ойыншы – Әбілхан Әбдікәрімов. Ол дубльмен бірге дайындалып жүрген ойыншы. Ол жаттығу барысында өзін жақсы қырынан көрсетіп, біз оны бүгін алаңға шығару керек деп шештік. Бірақ біз оны мәжбүр болған соң ғана шығардық. Ол шабуыл шебінде ойнайтын ойыншы, өзіне берілген бір мүмкіндігі де болды, қапталдан келген допты баспен ұрып, гол соғатын мүмкіндігін пайдалана алмады. Ол бізбен бірге болады, біз оған сенім артамыз.

- Қазақстанда трансферлік терезе ашылды, алда Еурокубок ойындары келеді. «Ақтөбе» құрамды күшейте ме, нақты қандай позициялар өзгереді?

- Жұмыстар жүріп жатыр. Жақын арада жаңа адамдар командаға қосылады. Негізінде шабуыл шебіне қарап жатырмыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или