Омари Тетрадзе: «Құдай бізге жеңіс сыйлады»

«Тобыл» ФК бас бапкері Омари Тетрадзе «Ақтөбеге» қарсы матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында нәтижеге көңілі толатынын айтты.

- Біз бұл ойынға тыңғылықты дайындалдық, алаң иелерінің ойындарын жете талдадық. Қарсылас жас команда болғанымен, өте тәртіпті, ұжымдасып ойнай білетін команда, сол үшін де бүгін бізге қиын болды. Нәтижеге көңілім толады. Бүгін біз өзіміздің үздік матчымызды өткіздік деп айта алмаймын, бірақ жігіттер мінез көрсетіп, барыншы тырысты. Құдай бізге сол үшін жеңіс сыйлады. Мен өз жігіттеріме бүгінгі жақсы ойындары үшін алғыс айтамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или