«Қайрат» «Шахтер» қақпасына жауапсыз бес гол тоғытты

«Қайрат» «Шахтер» қақпасына жауапсыз бес гол тоғытты

Футболдан ел біріншілігінің 15-турында алматылық «Қайрат» қарағандылық «Шахтерді» тас-талқан етті.

Ойын 5:0 есебімен «Халық командасының» пайдасына жазылды. Бірінші таймда жанкүйерлер бір ғана гол көрген. 35-минутта Исаэл есеп ашты. Екінші таймның басында Жерар Гоу есепті еселеген. Ал 58-минутта Аслан Дарабаев жойқын соққымен өз командасының үшінші голын соқты. Кейін Бауыржан Исламхан 89 және 90-минуттарда гол салып, ойынның нүктесін қойды.

Осылайша, «Қайрат» 15 турдан соң 29 ұпай еншілеп, үшінші орнын нығайтып алды. Ал «Шахтер» болса, 13 ұпаймен 10-шы орында қалды.

«Шахтер» - «Қайрат» 0:5 (0:1)

Голдар: 0:1 – Исаэл 35, 0:2 – Жерар Гоу 47, 0:3 – Аслан Дарабаев 58, 0:4 – Бауыржан Исламхан пенальтиден 89, 0:5 – Бауыржан Исламхан 90

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или