Нөсербаев жеңісті голын Ұлан Қонысбаевқа арнады

Футболдан ел чемпионатының 15-турында елордалық «Астана» талдықорғандық «Жетісуды» қабылдап, кезекті үш ұпайына қол жеткізді.

Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудің бірінші таймы аяқталар тұста Таңат Нөсербаев жалғыз голдың авторы атанды. Айта кетейік, Таңат өз голын Қазақстан ұлттық құрамасындағы әріптесі Ұлан Қонысбаевқа арнады.

Матчтың 66-минутында Абзал Бейсебеков қызыл қағаз алғанымен, астаналықтар жеңісті есепті сақтап қала алды.

Осылайша, «Астана» еншісіне 30 ұпай жинап, көш басындағы орнын сақтап қалды. Ал «Жетісу» 16 ұпаймен екінші алтылықта келеді.

«Астана» - «Жетісу» 1:0 (1:0)

Гол: 1:0 – Нөсербаев 45

Алаңнан қуылды: Бейсебеков 66

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или