Америка кубогы – 2016. Эквадор Перумен тең түсті
<p style="text-align: justify;">
<strong>Футболдан Америка кубогының топтық кезеңі аясында Эквадор құрамасы Перумен тең тарқасты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Тартысты өрбіген матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Кездесудің бірінші таймында перулік ойыншылар екі гол соқты – Кристиан Куэва мен Эдисон Флорес голдың авторы атанды. Ал бірінші кезеңнің соңында Эннер Валения есеп айырмасын қысқарта алды. Ал екінші таймда Миллен Боланьос таразы басын теңестірді – 2:2. </p>
<p style="text-align: justify;">
Осылайша, Перу мен Бразилия «В» тобының екінші турынан кейін төрт ұпаймен көш бастап келеді. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или