Конкакаф 2016 чемпионаты басталады
<p style="text-align: justify;">
<strong>Бүгін кешке АҚШ-тың 10 қаласында Солтүстік және Оңтүстік Америка аймағының чемпионаты КОНКАКАФ басталады.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұл аламанда Оңтүстік Америкадан 10 команда Солтүстігінен 6 құрама 4 топқа бөлініп, бақ сынайды. А тобында Алаң иелері АҚШ, Колумбия, Коста Рика, Парагвай құрамалары бар. В тобында Бразилия, Эквадор, Гайти, және Перу ойнаса. С тобында Мексика, Уругвай, Ямайка және Венесуэла. D тобында былтырғы чемпиондар Чили және дәл осы командаға есе жіберген соңғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы мен Панама және Боливия командалары 26-шілдеге дейін ойын көркін қыздырады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Ойын шымылдығын 3-нен 4 қараған түні сағат 00:30 да Клинт Демпси бастаған АҚШ пен Колумбия командалары ашады. Бұл аламанда Бразилия құрамасы сапында 2002 жылғы әлем чемпионы Кака өнер көрсетсе, қазіргі таңдағы Барселонаның негізгі ойыншысы Неймар тізімде жоқ.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или