«Қайрат» жартылай финалға шықты

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалында алматылық «Қайрат» Талдықорғанда жеңіске жетті.

Алматылық клуб «Жетісу» қақпасына жауапсыз қос доп тоғытты. Кездесудің 4-минутында Станислав Лунин қанжығасын майлады. Араға он минут салып Кахабер Цхедадзе шәкірттеріне талдықорғандық ойыншының өзі көмектесті. Аслан Дарабаевтың оң қанаттан асырған добын Марко Джалович өз қақпасына соғып алды. Ойынның басында-ақ ширек финалдың тағдырын шешіп тастаған «Қайрат» қолдағы басымдықты берген жоқ. Қорытынды есеп – 2:0.

«Жетісу» - «КҚайрат» - 0:2 (0:2)

«Жетісу»: Пасеченко, Кадио, Джалович, Клайн, Симоновски, Сағындыков, Әділханов, Мыңбаев (Шабаев 46), Калинин (Савич 55), Харун-Заде, Хасанов (Тұрысбек 20).

«Қайрат»: Плотников, Исаэл (Ли 80), Гоу, Маркович, Аршавин (Вороговский 75), Бакаев, Дарабаев, Исламхан (Нұрмұғамет 88), Қуантаев, Рудосельский, Лунин.

Голдар: Лунин 4, Джалович 14 (автогол)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или