Керекулік балалар «Атлетиконың» футболшылармен кездесу үшін жарысқа барады

Павлодарлық Мичурин балалар үйінің тәрбиеленушілері Испания лигасының «Атлетико Мадрид» клубының футболшыларымен кездесу құқығына ие болу үшін Алматы қаласындағы доп додасына аттанады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде «Арманға апарар жол» атты мектеп-интернаты мен балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында футболдан IV Қазақстан Республикасының чемпионаты басталған болатын.

-Еліміздің 13 аймағынан жиналған 25 команда 28 сәуір мен 20 мамыр аралығында іріктеу кезеңінен өтеді. Содан үздік шыққан тоғыз команда ақтық мәреге жолдама алады. Мичурин балалалар үйінің футболшылары соңғы кездесуде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының командасын (Солтүстік Қазақстан облысы) 3:2 есебімен жеңіп, үздік тоғыздыққа енді, - деп хабарлады балалар үйінен.

Астана қаласында өткен ойынға «Индустрия чистоты» ЖШС-нің директоры Д. Ужеловский мен Павлодар облыстық Ауған соғысы ардагерлері Кеңесінің төрағасы Б. Майкотов көмек берген.

Чемпионаттың финалдық бәсекесі 20-25 маусым аралығында Алматыда жалғасын таппақ. Мичуриндік футболшылар Испанияның Мадрид қаласында Антуан Гризманн, Фернандо Торрес пен ТьягуМендеш сынды көптеген айтулы ойыншылармен кездесу құқығына таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или