Александр Меркель жарақатынан айықты

«Удинезенің» қазақстандық жартылай қорғаушысы Александр Меркель ауыр жарақаттан кейін айығу жұмыстарын бітірді.

Соңғы күндері футболшы жалпы топта жаттығу жасап, «Карпиге» қарсы матчқа дайындалған. Бірақ Меркель соңғы турдың ойынында қосалқы құрамда да болған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр қыркүйек айында Александр жаттығу кезінде сол аяғының тізесін жарақаттап алған болатын. Соның салдарынан, жалпы топта жаттығуды 25 наурызда ғана жасаған.

Биылғы маусымда Меркель Италия чемпионатында бір ғана матчқа қатысты. 30 тамызда «Палермоға» қарсы ойында негізгі құрамда шыққан. Тағы үш ойында қосалқы құрамда болды, бірақ алаңға шыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или