«Ақтөбе» қонақта «Шахтерден» басым түсті

Футболдан ел чемпионатының 11-турын Қарағандыда «Шахтер» мен «Ақтөбе» матчы ашты.

Бірінші таймда «Ақтөбе» «кеншілердің» қақпасына жауапсыз қос гол тоғытып, матч тағдырын үзіліске дейін шешіп тастады. 8-минутта айып алаңына асырылған доп Дидар Жалмұқанның аяғынан табылды, ақтөбелік жас ойыншы мүлт кетпеді. 38-минутта батысқазақстандықтар алаң иелерін қарымта шабуылда ұстап алды. Жалмұқанның пасынан кейін Тоқтар Жаңғылышбай қақпашымен бірге-бір шығып, өз мүмкіндігін жібермеді.

Екінші таймда қарағандылықтар есепті өзгертуге тырысқанымен, Самат Отарбаев өз қақпасын голдан аман сақтай алды. Қорытынды есеп – 2:0, «Ақтөбе» қатарынан төртінші кездесуде гол жіберген жоқ.

Осы жеңісінің арқасында «Ақтөбе» 18 ұпай еншілеп, турнир кестесінде алғашқы алтылықтағы орнын нығайта түсті. Ал «Шахтер» болса, 9 ұпаймен екінші алтылықта келеді.

«Шахтер» - «Ақтөбе» 0:2 (0:2)

Голдар: 0:1 – Жалмұқан 8, 0:2 – Жаңғылышбай 38

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или