Футболды қайтсек дамытамыз? ҚФФ бұған жауап тапты

Қазақстан футбол федерациясы 2016-2026 жылдарға арналған Қазақстанда футболды дамыту стратегиясының жобасын дайындап шығарды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз-қызметі мәлім етті.

«Жүйелі бағдарламалық-мақсатты әдіс арқылы басқарусыз еліміздегі футболдың әрі қарай дамуы мүмкін емес.

Қазақстан футбол федерациясы 2016-2026 жылдарға арналған Қазақстанда футболды дамыту стратегиясының жобасын әзірлеу жұмыстары аяқталғанын хабарлайды.

Отандық футболдың даму мәселелерін зерттеу және қазіргі жағдайға толық сараптама жүргізу арқылы осы бағдарламалық құжат әзірленді. Бұл үшін өткен жылы және биыл еліміздің барлық аймағына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Футбол жанашырларымен кездесуде біздің стратегияның негізгі бағыттары түсіндірілді.

Маңызды сұрақтар ең алдымен футбол жанкүйерлерімен, сонымен қатар, аймақтық футбол федерацияларының, кәсіби клубтардың өкілдерімен, ардагерлер және жас ұрпақтармен, облыс және қаланың басшыларымен, кей жағдайда аудан орталықтарының әкімдерімен талқыланды.

Біз футболды дамыту стратегиясын әзірлеуде барлық сарапшылардың ұсыныстарын ескеру қажет екенін түсінеміз. Сол себепті отандық футболдың тағдырына алаңдайтын барлық азаматтар қорытынды құжатты дайындауға өздерінің елеулі үлестерін қоса алады.

Құрметті футбол жанкүйерлері, осы стратегия жобасын зерттеу арқылы, өздеріңіздің нақты ескертулеріңізді және басқа да ұсыныстарыңызды айта аласыздар. Әрине, біз барлық ұсыныстарды ескереміз, олардың ішінде ең тиімді тұстары футболды дамытудың нақты стратегиясының қорытынды нұсқасына енеді.

Стратегия туралы қысқарақ. Біз оны «Футбол жолы 2026» деп атауды ұсынамыз. Кез келген стратегия орта мерзімге (5 жылдан 10 жылға дейін) әзірленеді. Ол көздеген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметті дамытудың бағыттарын нақты айқындауға мүмкіндік береді. Сол себепті біздің стратегияны 10 жылға әзірледік. Осы уақыт аралығында біздің футболдың дамуына айтарлықтай серпіліс беретін реформаны жүзеге асыру керек.

Стратегия – бұл нәтижеге қол жеткізудің жалпы тұжырымдамасы. Яғни, ең алдымен бұл саясат пен ұйымдастыру әрекеттерінің жиынтығы. Ол арқылы стратегиянының жобалары мен нақты бағдарламалары жүзеге асырылады.

Біздің көзқарасымыз бойынша барлық футбол индустриясын дамытудың негізі балалар және жасөспірімдер футболы болмақ. Стратегияның бұл бөліміне аса назар аудару қажет. Сол себепті юірінші кезекте 2026 жылға дейінгі балалар және жасөспірімдер футболының бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама 2015 жылдың соңында Алматыда өткен арнайы конференцияда сарапшылар талқысына түсті. Кейін ұсыныстар мен ескертулер қабылданып, бағдарлама бекітілді.

Осыған ұқсас басқа да бөлімдердің (Инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы, Жекелей тәртіп пен футболды әр түрлерін дамыту бағдарласы, Футболды дәріптеу және жанкүйерлермен жұмыс жобасы, коммерцияландыру және футболды ақпараттық қолдау) бағдарламалары мен жобалары әзірленеді.

Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру құралы - Жол картасы болмақ. Онда нақты шаралап көрсетіліп, оларлың орындалу мерзімі мен ресурстық қамтамасыз етілу айқындалады. Қаржыландыру жүйесі, құқықтық-ұйымдастыру үлгісі, қатысушылардың құрамы және стратегия бағдарламаларын жүзеге асырудың басқа да аспектілері нақтыланады.

Құрметті футбол жанкүйерлері!

Айта кету керек, бұл тек қана стратегия, жоспар және алға қойған мақсаттар.

Олардың қаншалықты жүзеге асатыны барлығымызға байланысты болмақ. Ортақ мақсат - қазақ футболын дамытуға ұмтылатындардың командасы бірігіп, алға қойылған жоспарларды бірге жүзеге асыра аламыз. Сол себепті отандық футболдың атғдырына бей-жай қарамайтын азаматтарды «Футбол жолы 2026» стартегиясының жобасын талқылауға белсене қатысуға шақырамыз.

Сіздердің ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңізді төмендегі сілтеме арқылы күтеміз:

Сіздеррдің «Футбол жолы 2026» стратегиясының жобасы қатысты ұсыныстарыңыз бен ескертепелеріңіз«Тараздың», - делінген ҚФФ ресми сайтында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или