Ермек Қуантаев: «Аршавин маған жиі кеңес береді»

Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Ермек Қуантаев ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында қостанайлық «Тобылмен» өткен кездесу жайлы айтып берді.

— Туған стадионыма оралғаныма қуаныштымын. Жанкүйерлер мені жылы қарсы алды. Барша қостанайлық жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді.

— Кешегі көрсеткен өнеріңізге көңіліңіз толды ма?

— Шын айтсам, көңілім толмады. Бұдан да пайдалы ойнауға болар еді. Кеше жиі қателестім. Бірақ ең маңыздысы - үш ұпай еншіледік. Біз үшін бұл ойын маңызды болды.

— Андрей Аршавиннің жарақаты қаншалықты ауыр?

— Жарақаты аса қауіпті емес. Ол емделу үшін Алматыда қалды. Келесі ойында алаңға оралуы қажет.

— Матч барысында пас беру үшін Аршавинді іздейсіз бе?

— Жоқ, іздемеймін. Бізде әр ойыншының деңгейі жоғары. Сондықтан нақты бір ойыншыға ғана пас беру керек деген ұғым бізде жоқ.

— Аршавин жиі кеңес береді ме?

— Иә, ойын барысында жиі кеңес береді. Менің ойымша, Аршавин сынды тәжірибелі, шебер ойыншы әріптестеріне кеңес беріп, көмектесуі қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или