Патрик Твумаси: «Жақсы ұсыныстар түссе, «Астанадан» кетемін»

Патрик Твумаси: «Жақсы ұсыныстар түссе, «Астанадан» кетемін»

Чемпиондар лигасында «Астанаға» жақсы көмектескен 21 жастағы шабуылшы Патрик Твумаси Ghana Sports сайтына сұхбат берді.

Қазір менде бәрі жақсы, команда өте ұнайды. Астанаға келгелі бері керемет.

- «Астанаға» көшкен сәттен бастап сіз өз ойыныңызды қалай бағалайсыз?

- Құдайға шүкір, мен қазір жақсы ойнай бастадым. Алғашқы маусымда оңай болған жоқ, бірақ мен қиындықтарды жеңіп, алға қарай ұмтылдым.

- Сізді Ресейден Қазақстанға қоныс аударуға не итермеледі?

- «Амкарда» жалданып жүргенімде «Астанаға» ауыстым.

- «Астанадағы» ең үлкен проблемаңыз?

- Чемпиондар Лигасындағы «Бенфикаға» қарсы матч өз мансабымдағы ең қиын ойын болды. Дегенмен гол соқтым, соған қатты қуандым.

- Чемпиондар Лигасы туралы айтсақ: сіздің клубыңызға плей-офф кезеңіне жету бұйырмаса, сіз қандай жағдайда болар едіңіз?

- Жоқ, мен «Астанада» ойнағанымда көп матчымды өткізіп алдым, бірақ соңында үлгеріп «Бенфика» мен «Галатасарай» қарсы ойнадым.

- Алдағы маусымда сізді қандай тапсырмалар күтіп тұр?

- Мен командамен біріге алтын медальға қол жеткізгім келеді, әрине бәрі Құдайдың қолында.

- Былтырғы жылы сіз «Астана» үшін алты гол соқтыңыз, осы көрсеткішті жақсартқыңыз келеді ме?

- Футбол - тек қана гол соғу емес. Команда үшін жаныңды салып, жеңіске қарай ұмтылу деп ойлаймын. Мен жиырма гол соқсам да, «Астана» чемпион болмауы мүмкін. (жымиып)

- Сіз «Астанмен» келісім-шартқа қол қойдыңыз, бірақ сіз өз күшіңізді Еуропада сынап көргіңіз келетін сияқты?

- Әрине, Чемпиондар Лигасынан кейін маған біраз ұсыныстар келді. Мен тек жақсы ойын көрсетуге тырысамын. Егер маған жақсы ұсыныстар түсіп жатса, неге көрмеске.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или