Ақ-қызылдар жаңа институт – «Ақтөбе» ФК мүшелік институтын құрды»

Батысқазақстандық «Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері мүшелік институтын құрды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Баршамыз үшін ортақ құндылық не нәрсе? Сенім. Ештеңесі қалмаған пендеге, сенім ең соңғы тірегі болып қала береді. Шынымен де мықты, халықтық, Қазақстандағы ең үздік клуб құруға деген сенім! «Ақтөбе» секілді үлкен клуб әрдайым алдыңғы қатардан көрініп жүруі тиіс. Футбол клубына мүшелікке кіру – ойдан шығарылған дүние емес. «Спартак», Киевтің «Динамосы», «Барселона» сынды клубтардың клуб мүшелігі жайлы естіп жүрміз. Әрқайсымызда «Біздің қай жеріміз кем» деген сұрақ туындаған болар? Ақтөбе секілді, футболға жаны құмар қалада, «Ақтөбе» ФК мүшелігі жүйесі пайда болуы тиіс, және мүшелік жүйесі пайда болды да!

Бүгін «Ақтөбе» ФК мүшелерінің алғашқы жиналысы болды. Клубтың ең жас мүшесінің жасы 16-да болса, ең үлкені 80-ге келген қария. Қазіргі уақытта бұл институтқа 22 Жанкүйер енген. Біз командамызды шынымен де халық командасы деп санайтын болсақ, бірлесіп құрып, маңызды деген мәселелерді де бірлесіп шешуіміз керек. Аталған институттың негізі ұстанған бағыты, «клуб пен Жанкүйерлердің бірлігі».

Алғашқы кездесуге бас директор Дмитрий Васильев пен бас бапкер Юрий Уткульбаев қатысты. Шараны екіге бөліп қарауға болады. Жиналыстың алғашқы жартысында жиналғандар команданың ойынына, тактикасына, ойыншының қалай ойнайтынына жеке-жеке тоқталды. Юрий Уткульбаев әр сұраққа толыққанды жауап беріп отырды. Айымбетов пен Жұмағали неге ойнамай жүр? Ойыншылар бастапқы құрамға қандай принциппен іріктеледі? «Атыраумен» болатын ойыннан қандай нәтиже күтеміз? Ақ-қызылдардың шабуыл шебінің әлеуеті қандай? Осы сынды және тағы да басқа сұрақтар лезде жауабын тауып отырды. Қарабалиев Рахим атты клуб мүшесі бас бапкермен бірлесіп, барлық ойыншыларды тізбектеп, әрқайсысының функционалды, физикалық дайындықтарын әңгімелеп берді. Соңында Юрий Уткульбаев клуб мүшелерінің команда жаттығуларына ешқандай кедергісіз кіре алатынын жеткізді. Алғашқы ашық жаттығудың қашан болатынын кейін жариялайтын боламыз. Бапкермен болған әңгіме соңында, жиналғандар «Ақтөбе» ФК холында жаппай суретке түсті.

Кездесудің екінші бөлігі бас директормен болды. Көп мәселенің басы шалынды: жастар футболы, дубль құрамы, футбол инфрақұрылымы және оның даму жоспары, клуб қандай жолмен пайда тапқысы келеді, қандай демеушілерді іздестіріп жатыр немесе қандай демеушіні тапты, футбол дүкені қашан ашылады, футбол клубы фитнеспен қандай жағдайда, және қай жерде айналысатын болады... Мысалға, жиналыста белгілі болғанындай, клуб ендігі физикалық дайындықтарын тегін жасайтын болыпты, «World Class» атты қаламыздың ең үздік фитнес клубы көмек қолын созған. Клуб мүшелері стадион кассаларында сатылатын билет саудасының сапасын жақсарту жайлы ұсыныс айтты. Кейбір идеялар басшылықтың қойын дәптерін ілікті. Сонымен қатар, «Ақтөбе» ФК Ақтөбе облысы бойынша 12 ауданда өзінің футбол орталығының филиалын ашатыны белгілі болды. Балаларға қажет киім мен барлық қажет жабдықтарды «Ақтөбе» ФК қамтамасыз ететін болады. Клуб мүшелерінің шешімімен, ай сайын кездесіп тұру дұрыс деп шешілді. Келесі кездесу маусым айына белгіленді. «Ақтөбе» ФК мүшелері бұндай кездесулердің қажет екенін, ашық әңгіме үшін бір-біріне алғыс білдіріп жатты. Жиналыс аяқталған соң,Жанкүйерлер «Атыраумен» болатын ойынды талқылап, «Ақтөбе» ФК кеңсесінен көпке дейін тарай қоймады.

Барша Жанкүйерлерді «Ақтөбе» ФК мүшелік институтының ашылғандығымен құттықтаймыз. Сену дегеніміз – жеңу деген сөз. Біз Ақтөбенің әр Жанкүйеріне сенеміз, және бірлесіп талай белестерді бағындыратынымызға да сенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или