Қазақша күрестен «Оңтүстік барысы» анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысыныда түйе палуандар арасында өткен ауданаралық жарыстарда іріктелген 22 палуан ақтық кезеңде сынға түсті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Оңтүстік барысын» бапкерлер Шымкентте орналасқан жоғары шеберлер спорт мектебінің ғимаратында анықтады. Белдесуге келген палуандардың салмағы 80 келіден төмен болмауы тиіс. Жарыс басынан-ақ, шымкенттік Жұманазар Ерсұлтанов ептілік танытты. Белдесуінің басым бөлігін таза жеңіспен ұтты.

Естеріңізге салсақ, Жұманазар «Қазақстан барысында» қоладан алқа таққан болатын. Тәжірибелі палуан бұл жолы да бас жүлдені жеңіп алды. Ордабасының тумасы 150 мың теңге мен Республикалық "Қазақстан барысына" жолдамаға ие болды. Ал, екінші орынды және 75 мың теңгені Нұрсұлтан Мыңғышев еншіледі. Өткен жылы да бұл жарыста күмістен алқа таққан жерлесіміз биыл да сол көрсеткішін қайталай білді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, енді қос палуан шілденің 3-і күні Астанада өтетін "Қазақстан барысында" облыс намысын қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или