Нұрмат Мырзабаев: «Ойыншыларымыздың жас әрі жергілікті футболшылар екендігін ескеру керек»

Премьер Лиганың 9-шы туры аясында «Шахтерге» қарсы матчтан соң «Тараз» командасының бас бапкері Нұрмат Мырзабаев баспасөз мәслихатында ойын жайлы пікірмен бөлісті.

- Өзің ұрмасаң, саған ұрады деген қағиданың рас екендігін тағы көрдіңіздер. Бізге бүгін командалық ойын жетіспеді. Басқа не айтуға болады. Ойынның дұрыс жүрмей жатқандығын біліп отырмыз. Біздің негізгі ойыншыларымыздың жас әрі жергілікті футболшылар екендігін ескеру керек. Бұл премьер-лиганың өзге командаларында жоқ жағдай, - дейді бас бапкер.

Журналистер тарапынан қойылған Бауыржан Байтана негізгі құрамда неге алаңға шықпады, Игорь Зенькович бүгін неге жарытып ойнай алмады деген сауалдарға бас бапкер былай жауап берді.

- Бауыржан Байтананы екінші таймда шығардық. Өйткені бір ойында матчтың соңына дейін ойнау ауырлық етеді. Ал, Игорь Зенькович жарақатынан толық қанды айыққан жоқ. Баспасөз мәслихаты соңында Нұрмат Мырзабаевқа журналистердің бірі осы жеңілістен кейін сіз отставкаға кетесіз бе деген сауалын қойды. Бұл сұраққа мүдірместен жауап берген бас бапкер менің орныма келген кез келген адам осы құрамдағы командамен ойын жүйесін басқа арнаға бұруы екіталай, - деді Нұрмат Мырзабаев.

Тараз ФК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или