Иозеф Вукушич: «Жеңісті жұлып әкеттік»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Премьер Лиганың 9-шы туры аясында «Таразға» қарсы матчтан соң «Шахтер» командасының бас бапкері Иозеф Вукушич баспасөз мәслихатында ойын жайлы пікірмен бөлісті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
- Ойыншыларыма ризамын, - деп бастады сербиялық маман сөзін - Ең бастысы жеңіс керек еді, біз бүгін сол жеңісті жұлып әкеттік. Ойынның соңына қарай бір гол жіберіп алғанымыз болмаса, командамыз бір жүйеде ойнады. Шабуыл шебінде де, қорғаныста да шәкірттерім мен айтқан тактикадан ауытқыған жоқ. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Енді келесі тур ойындарына дайындықты жалғастырып, алға қойған мақсатқа жету жолында тер төгеміз.</p>
<p style="text-align: right;">
<em>Тараз ФК баспасөз қызметі</em></p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или