Кахабер Цхададзе: «Бірінші минуттан бастап мұқият ойнадық»

Кахабер Цхададзе: «Бірінші минуттан бастап мұқият ойнадық»

«Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе «Жетісумен» өткен матч жайлы өз ойын білдірді.

- Ойыншыларыма рахмет, бүгін жақсы ойын көрсетті. Бірінші минуттан бастап мұқият ойнадық, гол соғатын көп мүмкіндігіз болды. Жалпы, бүгінгі ойынға көңілім толды.

- Аршавин, Исаэл мен Гоу шабуылда көп ойнаса, Исламхан соңғы кездері артта көп қимылдауда. Бауыржанның қорғанысқа жақын болуы сіздің нұсқауыңыз ба?

- Бато – өте әмбебап футболшы. Доппен ойнағанды ұнатады. Исламханның соққысы мықты, сондай-ақ соңғы пасты беру қабілеті жоғары. Ол - команданың капитаны және жетекші ойыншысы.

- «Жетісумен» өткен кездесуде командаңыздың кемшіліктерін байқадыңыз ба?

- Егерде қарсылас команда гол соқпаса, демек біз қорғаныста жақсы ойнадық. Біз жылдам прессинг арқылы ойнаймыз. «Қайрат» үнемі шабуылдайды. Соған қарамастан, қорғаныста мұқият ойнап жүрміз. Командамыздың кемшіліктері жайлы айтатын болсақ, «Жетісумен» өткен ойында пас беруде көп қателестік.

- Станислав Луниннің ойынына қандай баға қоясыз?

- Жақсы ойнады. Ұзақ уақыттан кейін негізгі құрамда шығу - психологиялық тұрғыда ауыр. Бірақ Лунин өзін мықты қырынан көрсетті. Болашағы бар футболшы.

«Қайрат» ФК ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или