Елдос Ахметов: «Қазіргі таңда ел чемпионатында әлсіз команда жоқ»

«Ертіс» пен Қазақстан құрамасының ойыншысы Елдос Ахметов ProsportKZ.kz сайтына «Тобылмен» өткен ойын жайлы айтып берді.

- Елдос, «Тобылмен» ойын осыншама тартысты болады деп ойладыңыз ба?

- Қазір чемпионатта әлсіз команда жоқ, әр ұжым жақсы ойын көрсетуге тырысады. «Тобылға» қарсы кездесу тартысты болатынын білдік.

- Сіз қорғаушы болсаңызда, шабуылға қосылып өз командаңызға пенальти әкеліп бердіңіз...

- Шабуылға қосылу керек екенін түсіндім. Бұған қоса 2:1 есебіне көңілім толмады, тағы да гол соғу қажет болды.

- Бірінші таймның соңында қарсылас команда есепті теңестіре алды. Жұмасқалиевтің голын қалай жіберіп алдыңыздар?

- Иә, босаңсып, бір гол жіберіп алдық. Бас бапкер мұқият ойнауымызды сұрады, бірақ бірінші таймның соңында ойыншыларымыз шаршай бастады. Есесіне, екінші кезеңде намысқа тырысып, жеңіске жеттік!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или