«Севилья» мен «Ливерпуль» - Еуропа лигасының финалында

Кеше УЕФА Еуропа лигасының финалистері анықталды.

«Севилья» өз алаңында донецкілік «Шахтерден» айласын асырды. Испаниялық ұжым сабында Гамейро дубль жасаса, Мариано бір голдың авторы атанды. «Шахтер» сабында Эдуардо бір гол қайтара алды. Осылайша, «Севилья» қатарынан үшінші рет Еуропа лигасының финалына жолдама алды.

«Севилья»-«Шахтер» - 3:1 (1:1)

Голдар: 1:0 - 9' Гамейро, 1:1 - 44' Эдуардо, 2:1 - 47' Гамейро, 3:1 - 59' Мариано

Бірінші матчта жеңілген Юрген Клопптың командасы қарымта ойында «Вильярреалға» еш мүмкіндік бермеді. «Ливерпуль» испаниялық ұжымның қақпасына үш жауапсыз гол соқты. Сориано өз қақпасына гол соқса, Старридж бен Лаллана командасының екінші мен үшінші голын соқты.

«Ливерпуль»-«Вильярреал» - 3:0 (1:0)

Голдар: 1-0 Сориано (авт), 2-0 - 63 Старридж, 3-0 - 81 Лаллана

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или