«Қайрат» «Жетісудан» басым түсті

Алматының «Орталық Стадионында» өткен матч 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді.

Кездесудің 25-ші минутында Жерар Гоудың соққысынан кейін «Жетісу» ойыншысына тиген доп қақпа торынан табылды. Командалар ұзақ уақыт алма кезек шабуылдаған соң алматылықтар есепті еселеп кетті. Тағы бір қараторы легионер Тавамба Иламбек Қуаттан алған пасты голға айналдырды.

Айта кетейін, көш басындағы «Астана» «Қайратты» 14 ұпайға озып келеді.

ҚПЛ. 9-тур.

«Қайрат» - «Жетісу» - 2:0

Голдар: 25' Гоу, 72' Тавамба

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или