«Ертіс» «Тобыл» қақпасына үш гол соқты

Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» сенімді жеңді.

Қазақстан чемпионатының 9-турында павлодарлықтар «Тобыл» қақпасына үш гол тоғытты. 26-минутта Джиби Фалль алаң иелерін алға шығарған. Бірақ командалар үзіліске кетерде Нұрбол Жұмасқалиев таразы басын теңестіріп тастады. 72-минутта Роман Мұртазаев «Ертістің» екінші голын соқты. Араға төрт минут салып, Гогита Гогуа ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1.

«Ертіс» - «Тобыл»

Голдар: 1:0 – Фалль 26, 1:1 – Жұмасқалиев 44, 2:1 – Мұртазаев 72, 3:1 – Гогуа 76

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или