Маненің құны – 51 Lada. Сенегалдық шабуылшы қанша тұрады

Маненің құны – 51 Lada. Сенегалдық шабуылшы қанша тұрады

«Тараздың» сенегалдық шабуылшысы Малик Маненің трансферлік құны – 179 млн 250 мың теңге. Мұндай ақшаға 27 шаңсорғыш немесе елуден астам жаңа автокөлік сатып алуға болады.

Малик Маненің трансферлік сомасын бағалау үшін бұл ақшаға Қазақстанда не сатып алуға болатынын зерттедік.

179 млн теңгеге өз гаражыңызды ВАЗ (Lada) 2121 Нива автокөлігмен толтыра аласыз, мұндай сомаға сізге 51 Нива сатып алуға болады.

Дәл осындай қаржыға әйелдерге ерекше сый жасай аласыз, 179 млн теңгеге 27 Electrolux шаңсорғышын сатып алуға болады, бұл 3730 Swarovski кристаллымен әрленген, Гинесстің рекордтар кітабына енген қымбат шаңсорғыш.

Apрle өнімдеріне қызығатын адамдар үшін де қызықты мәліметтер бар. 179 млн 250 мың теңгеге 179 Apple iMac 27-inch A1419 моноблогын немесе 437 Apple iPhone 6s 128GB Space Gray смартфонын сатып алуға болады. Бұл сома дизайны, бейнесі және дыбысымен ерекшеленетін LED Samsung теледидарының 28 данасын сатып алуға жеткілікті. Ал аспаздық өнерді жақсы көретіндер үшін айтарымыз, Маненің трансферлік ақшасына сауда үйінен 151 тонна және 265 келі қой етін сатып алуға болады (жамбас бөлігі).

Айта кетейік, 2014 жылы сенегалдың шабуылшының трансферлік бағасы 750 мың фунт немесе 358 млн 500 мың теңге болған. Соңғы жылдары форвардтың сәтсіз ойыны салдарынан бұл баға төмендеп кетті – 375 мың фунт немесе 179 млн 250 мың теңге. Шабуылшының трансферлік құны осындай. Ал оның көп немесе аз екенін – өздеріңіз шешіңіздер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или