Сергей Цырин: «Юнузович «Ордабасыға» керек болмаса, онда оған басқа команда іздейміз»

Сергей Цырин: «Юнузович «Ордабасыға» керек болмаса, онда оған басқа команда іздейміз»

Шымкенттік «Ордабасының» шабуылшысы Эдин Юнузовичтің агенті Сергей Цырин ProsportKz.kz тілшісіне ойыншысының жаттығулар мен ойындардан шеттетілуі жайлы өз пікірін айтты.

- Сергей Владимирұлы, Эдин Юнузовичтің ойындар мен жаттығулардан шеттетілгенін білесіз бе?

- Естідім. Эдин маған хабарласып, бәрін айтты. Бұл мәселенің қыр-сырын әлі толық білмеймін. Команда кезекті матчын өткізу үшін Атырауға аттанды. «Атыраумен» кездесуден кейін бұл мәселені шешеміз. «Ордабасы» бұл футболшыларсыз қалай ойнайтынын көрейік.

- Демек, Юнузович жазда «Ордабасыдан» кетеді ме?

- Бұл футбол өмірі. Мұнда бәрі мүмкін. Юнузович «Ордабасыға» керек болмаса, онда оған Қазақстан мен өзге елдерден басқа клуб іздейміз.

- Юнузовичтің «Ордабасымен» келісімі қашан аяқталады?

- Биылғы маусымның соңында.

- Ал Трайкович сіздің ойыншыңыз ба?

- Жоқ. Ол туралы ештеңе айта алмаймын.

Естеріңізге сала кетсек, «Ордабасы» шабуылшы Эдин Юнузович пен қорғаушы Бранислав Трайковичті тәртіп бұзғаны үшін жаттығулар мен ойындардан шеттеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или