«Астана» мен «Ертістің» жеңіліссіз сериясы тоқтай ма

«Астана» мен «Ертістің» жеңіліссіз сериясы тоқтай ма

Турнир кестесінде көш бастаған «Астана» мен «Оқжетпес»,  көш соңындағы «Тараз» бен «Шахтер» өзара күш сынасады. Оралда батысқазақстандық дерби, ал Павлодарда солтүстік қазақстандық дерби өтеді. Бұл 9-тур кездесулеріне шолу.

«Атырау» - «Ордабасы»

«Мұнайшылар» үшін биылғы маусым сәтсіз өтуде. Владимир Никитенко шәкірттерінің еншісінде бір ғана жеңіс бар. Команда өз ойынын әлі таба алмай келеді. Ал шымкенттік ұжымның жағдайы жақсырақ. Бақтияр Байсейітов ұжымы сегіз кездесудің төртеуінде үш ұпай еншілеп, төртінші орында келе жатыр. Атыраулықтар оңай шағылар жаңғақ емес. Турнир кестесінде соңғы жақта келе жатса да, команда матч сайын орта есеппен бір ғана гол жібереді екен. Бірақ өз ойнаған жеті кездесуде үш гол ғана соға алған. Ал «Ордабасы» жиі гол салып жүр, қарсыласқа да қанжығасын майлауға мүмкіндік береді – 10-11. «Мұнайшылар» осы маусымда өз алаңында екі кездесу өткізіп, соның біреуінде жеңіске жеткен. Шымкенттіктер болса, үш матчта қонаққа барып, біреуінде үш ұпай еншілеп қайтыпты. Демек, «Мұнайшы» стадионында командалар өліспей беріспейді.

«Тараз» - «Шахтер»

Тараздық команда чемпионатты сәтті бастаған. Бірінші турда өз алаңында азулы «Қайратты» тізе бүктірді. Сол кезде «Таразды» ҚПЛ-дің «Лестері» деп жатқандар да табылды. Бірақ Нұрмат Мырзабаев қалған жеті кездесуде де жеңіске жете алмады – еншісінде бес ұпай. Дегенмен тараздықтар өз алаңында кез келген командаға қарсылық білдіре алады. Бүгінге дейін Тараз «Орталық» стадионында бес кездесу өткізіп, оның біреуінде жеңіске жеткен және тағы екі матч тең аяқталды. Байқағандарыңыздай, «Тараз» чемпионатта жинаған ұпайларының бәрін тек өз алаңында ғана еншілеген, қонақта команда үш кездесу өткізіп, бәрінде де жеңіліп қалды. Бұл командаға чемпионаттың тағы бір аутсайдері қарсы тұрмақ. «Кеншілер» голға сараң клуб. Биыл чемпионатта «Шахтер» сегіз кездесуде екі ғана гол салған. Бірақ Йозеф Вукушич шәкірттері осы маусымда жинаған алты ұпайдың төртеуін сырт алаңда еншілеген. Сондықтан, турнир кестесіндегі көршілердің өзара жекпе-жегі жанкүйерлерге қызық болмақ.

«Қайрат» - «Жетісу»

Екінші алтылықта келе жатқан клубтардың тағы бір кездесуі. Иә, маусым алдында «Қайрат» чемпионаттың басында емес, екінші алтылықтың басында болады десе, ешкім сенбес еді. Бірақ дәл қазір жағдай осындай. «Халық командасы» сегіз кездесудің тең жартысында жеңіліп қалды. Әйтсе де, алматылық ұжым өз алаңында гол жібермеген жалғыз клуб. Рас, «Қайрат» чемпионатта өз алаңында екі ғана кездесу өткізген. Кахабер Цхедадзе шәкірттеріне жеңіс сериясын бастау қажет, себебі бұл клуб негізгі қарсыласы «Астанадан» 14 ұпайға артта келе жатыр. Талдықорғандық ұжым биыл да әсерлі ойынымен көзге түсе алмай келеді. Соңғы жылдары «Жетісу» айқын аутсайдер атағынан айырылар емес. Биылғы маусымда да команда сол топқа жатады. «Жетісу» сырт алаңда әлі жеңіске жетіп көрмеген екен, ал енді ертең өз алаңында жеңіліп көрмеген командаға қарсы тұрмақ. Қалай дегенде де, екі клуб та өткен турда жеңіліп қалды. Енді екеуі де өз жанкүйерлерінің алдында жеңіс үшін жанталасады.

«Ақжайық» - «Ақтөбе»

Биыл Премьер-лигаға қайта оралған оралдық команда алғашқы сегіз турдың алтауында жеңіліп қалды. Соңғы үш матч бойы гол сала алмай келеді. Чемпионатта ең көп жеңілген команда – осы. Чемпионат басталғалы бар болғаны үш гол ғана соққан. Соңғы рет «Ақжайық» футболшылары сәуір айының 13-де қанжығасын майлаған екен. Енді жанкүйерлері алдында сол сәтсіздіктерді ұмытар мүмкіндік туып тұр. «Ақжайыққа» чемпионат басында аутсайдер саналған команда қонаққа келмек. Құрамын тым әлсіретіп, жас ойыншыларды жинап алған «Ақтөбеде» бұрынғы қарқын жоқ, Соның өзінде, Самат Смақов бастаған жігіттер кез келген қарсыласқа азуын батыра алады. Бүгінде команда үздік алтылықты түйіндеп тұр. «Ақтөбе» чемпионаттың соңғы бес ойынында үш кездесуді жеңіспен аяқтады. Өткен турда «Оқжетпестің» жеңісті сериясына нүкте қойған осы «Ақтөбе» болатын. Пентакомпеондардан қандай ойын күтерімізді білмейміз. Биыл чемпионаттың жұмбақ командасы – осы. Сондықтан, Оралдағы кездесуде кез келген нәтиже тіркелуі мүмкін.

«Ертіс» - «Тобыл»

Ал енді алғашқы алтылықта келе жатқан командалардың өзара ойындарына тоқталайық. Басты фавориттердің бірі «Ертіс» осы маусымда жеңілер емес. Павлодарлықтар сегіз ойынның алтауында жеңіске жетті. «Астана» мен «Ақтөбе» ғана бұл командадан бір ұпай еншілей алды. «Ертіс» әр матч сайын орта есеппен кем дегенде екі гол соғады. Өз қақпасына үш қана гол жіберді – бұл чемпионаттағы ең үздік нәтиже. Ертең осы «Ертістің» қарқынына қостанайлық команда төтеп беріп көрмек. Жақында ғана бас бапкерінен айырылған бұл клуб өткен турда ұзақ уақыттан бері алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қостанайлықтар чемпионаттың басым бөлігін өз алаңында өткізгенін ескере кеткен жөн. «Тобыл» осы біріншілікте екі ойынды ғана сырт алаңда өткізген. Оның бірінде жеңілсе, біреуін тең аяқтады. Бір қызығы, «Ертіс» «Тобылды» соңғы рет 2013 жылдың шілдесінде ғана жеңген екен. Өзара өткізген соңғы алты кездесуде қостанайлықтар жеңілмей келеді. Мүмкін, осы серияны «Ертіс» бүгін тоқтататын шығар?

«Астана» - «Оқжетпес»

Турдың орталық матчы. Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Астана» үшінші орындағы «Оқжетпесті» қабылдайды. Дәл қазіргі уақытта чемпионаттың басты фавориті – осылар. Чемпиондар сегіз турда бір ойында ғана тең түскен, қалғанының бәрін жеңіспен аяқтады. 13 гол соғып, 5 доп жіберді. «Астана» туралы көп айтудың керегі жоқ, команданың нәтижесін көрсеңіз жеткілікті. «Оқжетпес» те чемпиондарға едәуір қарсылық көрсетуі мүмкін. Көкшетаулық команда қонақта да жақсы ойнайды. Владимир Мұханов шәкірттері сырт алаңда өткізген бес ойынның үшеуінде жеңіске жеткен. Ал Станимир Стойлов командасы өз алаңында ұпайдан шашау шығарар емес – бес ойын, бес жеңіс. Бұл матчтың қандай нәтижемен аяқталатынын ешкім білмейді, бір білеріміз – ертең бізді тартысты ойын күтіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или