Қазақстан жасөспірімдер ресейлік «Роторды» жеңді

Тараз қаласында 1999 жылғы футболшылар арасында өтіп жатқан КСРО спорт шебері Антон Рохусович Шохты еске алуға арналған VIII халықаралық турнирде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші ойынын өткізді.

Аға жаттықтырушы Александр Кузнецов шәкірттерінің бұл жолғы қарсыласы ресейлік «Ротор» командасы болды. Қазақстандық футболшылар ойынның басында жылдам екі гол соқты. Денис Красноперов пен Арман Кеңесов екі минуттың ішінде мергендік танытты. Ал, екінші таймда алаңға шыққан Виктор Грабко кездесуге нүкте қойды. Қорытынды есеп - 3:0.

Ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қырғыздың «Абдыш-Ата» командасымен ойнайды. Матч сағат 11:00-де басталады.

«Ротор», Волгоград – Қазақстан U17 – 0:3 (0:2)

Голдар: Красноперов 6, Кеңесов 7, Грабко 68

Қазақстан U-17: Устименко, Кеңесов (Қайыркенов 50), Красноперов (Махан 50), Усачев, Сейдахмет (Грабко 59), Қашкен, Совет, Әйтім (Сауытов 62), Ілиясов, Сағнаев (Нұрсейітов 74), Жақыпбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или