Қазақстандық төрешілер Англия - Норвегия матчында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер Англия - Норвегия матчында қызмет атқарады

Бүгін Беларусь Республикасында 17 жасқа дейінгі қыздар арасында футболдан Еуропа Чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Жодина қаласында өтетін Англия U-17 мен Норвегия U-17 құрамалары арасындағы ойынға қазақстандық төрешілер тағайындалды. Эльвира Нұрмұстафина (Қарағанды) матчтың қосалқы төрешісі болса, Кристина Янушкевич (Қарағанды) бас төрешінің көмекшісі болып қызмет атқарады. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Еске сала кетейік, 4-16 мамыр аралығында өтетін Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне Беларусь, Сербия, Англия, Норвегия, Италия, Чехия, Германия және Испания құрамалары қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или