«Атлетико» Чемпиондар лигасының финалына шықты

УЕФА Чемпиондар лигасының 2015/16 жылғы маусымдағы алғашқы финалисі белгілі болды.

Мюнхендік «Бавария» өз алаңында мадридтік «Атлетиконы» қабылдаған. Бірінші ойында Диего Симеоне шәкірттері 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан, «Альянц Аренада» германиялықтар бірден шабуылға ұмтылды. 31-минутта Хаби Алонсо айып соққысынан көзге түсіп, екі ойынның қорытынды бойынша есепті теңестірді.

Бірақ 53-минутта Антуан Гризманн қанжығасын майлады. Енді «Баварияға» финалға шығу үшін екі соғу керек болатын. 74-минутта Роберт Левандовски мюнхендіктерге үміт сыйлағанымен, қалған 15 минутта «Атлетико» қорғаныста сыр берді. Екі ойынның қорытындысы бойынша есеп – 2:2, «Атлетико» сырт алаңда соққан голының арқасында финалға шықты.

«Бавария» 2:1 (1:0) «Атлетико»

Голдар: 1:0 – 31 Хаби Алонсо, 1:1 – 53 Гризманн, 2:1 – 74 Левандовски.

Бавария: Нойер, Лам, Боатенг, Алаба, Видаль, Хаби Алонсо, Дуглас Коста (Коман, 73), Мартинес, Рибери, Левандовски, Мюллер.

Атлетико: Облак, Хименес, Филипе Луис, Хуанфран, Годин, Фернандес (Феррейра Карраско, 46), Габи, Сауль, Коке (Савич, 90), Гризманн (Парти, 82), Торрес.

Ескертулер: Хименес (33), Мартинес (83).

«Альянс Арена», Мюнхен

Бірінші матч: 0:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или