Виктор Демьяненко «Алматы барысы» атанды

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы барысы» турнирі аяқталды. Оған қаланың әр ауданынан 3 балуаннан, яғни барлығы 24 үміткер қатысқан болатын. Барлығының салмағы 90 келіден жоғары болды.

Ақтық сында Наурызбай ауданының 25 жастағы тұрғыны, дзюдодан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы Виктор Демьяненко (105 келі) Түркісіб ауданының 22 жастағы тұрғыны, Қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер, 2013 жылғы ҚР жастар арасындағы чемпионат жүлдегері Бауыржан Қабаймен кездесіп, оны айқын басымдықпен жеңді. Сөйтіп, «Алматы барысы» турнирінің жеңімпазы атанды. Оған Алматы қаласының әкімі, Алматы қалалық Қазақ күресі федерациясының президенті Бауыржан Байбек алтын белбеу мен Lada Priora автокөлігінің кілтін табыс етті. Күміс жүлдеге ие болған Бауыржан Қабайға

1 000 000 теңге табыс етілді. Ал үшінші орын үшін болған сайыста Жетісу ауданының 26 жастағы тұрғыны, Қазақ күресінен спорт шебері, Елдар Нәсиевті (90 келі) таза жеңген Әуезов ауданының 26 жастағы тұрғыны, дзюдодан спорт шебері, 2011 жылғы дзюдодан ҚР чемпионатының жүлдегері Ақжол Медетовтің беліне (110 келі) қола белбеу тағылып, оған 500 000 теңге сыйақы берілді.

Енді, Виктор Демьяненко мен Бауыржан Қабай алдағы шілде айында Астана қаласында өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турниріне қатысатын болады.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или