«Лестер» тарихында тұңғыш рет Англия чемпионы атанды

«Лестер» тарихында тұңғыш рет Англия чемпионы атанды

Лондондық дербиде «Тоттенхэм» «Челсимен» тең түсіп, ұпай жоғалтты. Осылайша, «Лестер» өз тарихында тұңғыш рет ағылшын Премьер-лигасының чемпионы атанды.

«Тоттенхэм» мен «Челси» арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. «Тоттенхэм» үшін матч сәтті өтіп жатқан. Гарри Кейн мен Сон Хын Мин гол салып, үзіліске дейін 2:0 есебімен алда келе жатты. Бірақ екінші таймда Гэри Кейхилл мен Эден Азар қанжығаларын майлап, есепті теңестіріп тастады. «Тоттенхэмге» чемпиондық жарысты жалғастыру үшін «Челсиді» жеңу керек болатын.

Ағылшын Премьер-лигасының 36-турынан соң «Лестерде» 77 ұпай бар. Екінші орындағы «Тоттенхэм» олардан 7 ұпайға артта қалып қойды. «Лестер» Англия чемпионы болған 24-клуб атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или