Евгений Ловчев: «Эмирейтсте» ойнаған Аршавинге, мектептің жасанды алаңында ойнау қиынға соғады»

Евгений Ловчев: «Эмирейтсте» ойнаған Аршавинге, мектептің жасанды алаңында ойнау қиынға соғады»

Қазақстанның 2002 жылғы үздік футболшысы Евгений Ловчев ресейлік  «Спорт-Экпресс» сайтына берген сұхбатында Андрей Аршавиннің Қазақстан біріншілігіне бейімделетініне сенетінін айтты.

- Андрей Аршавиннің «Қайратқа» ауысуы - Роберто Карлостың Ресейге келуімен бірдей. Мықты клубтарда, чемпионаттарда өнер көрсеткен футболшы деңгейі жағынан әлдеқайда төмен біріншілікке келді. Әрине, бұрынғы кездегідей жарқын ойнамайтын шығар, бірақ бәрібір де дарынды жоғалтып алмайсың.

«Қайраттың» «Шахтерге» қарсы кездесуін тамашаладым. Алматылық команданың қарсыластарынан деңгейі жағынан жоғары екендігі көрініп тұрды. Алайда матч 0:0 есебімен аяқталды. Аршавин ойын кезінде әр түрлі пастар беріп, комбинациялар жасауға тырысты. Оның деңгейі жоғары екендігі байқалады.

«Эмирейтс» секілді керемет стадиондарда өнер көрсеткен оған, Оралдағы мектептің жасанды алаңында ойнау қиынға соғады. Егер ол өзіне күш беріп, жақсы ойнауға талпынса, Қазақстан чемпионатында жақсы өнер көрсете алатынына сенемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или