Юрий Өткелбаев: «Шабуылда біршама қауіпті сәттерді ұйымдастыра алдық»

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Юрий Өткелбаев «Оқжетпеске» қарсы матчтан кейін баспасөз-мәслихатына қатысты. Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.

- Біз мықты қарсыласпен ойнадық. Деңгейлес командалар кездескенде, әдетте ойын алғашқы қателікке дейін, алғашқы голға дейін болады. Бұл ойында біздің жолымыз болды. Сондықтан да жеңіске жеттік.

- Бүгінгі матчта шабуылда ойнаған Михалевтың қасына екінші шабуылшыны шығарып, тәжірибе жасап көру керек деп ойламайсыз ба? Себебі Михалевқа қасына тағы бір ойыншы жетіспегендей болды.

- Онсыз да биылғы маусымда талай тәжірибе жасап көрдік. Бірінші тур басталғаннан, біз ойын байланысын түзе алмай келе жатырмыз. Меніңше, біз шабуылда біршама қауіпті сәттерді ұйымдастыра алдық, енді-енді бір-бірімізді түсініп келе жатырмыз, жартылай қорғаушылармен де түсіністік қалыптасып келе жатыр. Артынша ауыстыра алатындай ойыншың болғанда, командаңда төрт шабуылшы болған кезде, екі шабуылшымен ойнауға болады. Әзірге бізде ондай ойыншылар жоқ.

- Мысалға Михалев пен Жаңғылышбай екеуін бірге көрсе?

- Олар бірінші бір-бірін жақсы танып алулары тиіс. Себебі олар бір-бірін жете түсінісе алмайды. Сондықтан да, екі шабуылшымен ойнау үшін, олар бір-бірін бір қарағаннан-ақ түсінісулері тиіс. Әзірше ол екеуін бірге ойнатып көрген жоқпыз. Бәлкім алдағы уақытта екі шабуылшымен ойнап де қалармыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или