Владимир Мұханов: «Бөлешовтың ұрымтал тұстан гол соға алмағаны, матчтың шешуші сәті болды»

Владимир Мұханов: «Бөлешовтың ұрымтал тұстан гол соға алмағаны, матчтың шешуші сәті болды»

«Оқжетпес» ФК бас бапкері Владимир Мұханов «Ақтөбеге» қарсы матчтан кейін баспасөз-мәслихатына қатысты.

«Матч өте қызу өткендіктен, көрерменге қызықты болды деп есептеймін. Қос команда да ойынға тек қана жеңу үшін шықты. Сондықтан, астын сызып тұрып айтамын, ойынның қарқыны өте жоғары болды. Менің ойымша, алғашқы таймда екі команда тең болды. «Ақтөбе» күш қолданып, қысым жасау арқылы, алысқа асырылған пастары арқылы ойнады. Алғашқы 15-20 минутта біз мүлдем паспен ойнай алмадық. Одан өзге, сол қапталдан қайта-қайта өтіп кетіп жүрген Ситдиковты тұсап ұстап тұра алмадық. Бандо тактикалық қателік жіберіп жүрді, мен оның позициясына Молдақараевты жібердім. Содан кейін ойын қайта теңесті. Екінші таймда бізде де, «Ақтөбеде» де қателіктер біршама болды. Бірақ Бөлешовтың ұрымтал тұстан гол соға алмағаны, матчтың шешуші сәті болды. Содан кейін пенальти. Бас қазы қаптал төрешісіне сеніп тапсырған екен. Бізге алыс болды. Бірақ мен ол сәтке пікір білдірмеймін. Қайталап көру керек. Дегенмен, шабуылда мен ойлағандай ойнай алмадық. Жасанды алаңнан көк шөпке ауысып ойнағанмыз да өз әсерін тигізді деп ойлаймын, өте әлсіз шабуылдадық, шабуылды бірсыдырғы жасап жаттық, тек «Ақтөбенің» соңғы 20 минутта өз қақпасына жақын ойнаған кезінде ғана шамалы сәтті ойын көрсете алдық. Біз бір нәрсені дұрыс жасамадық, дұрыс ойластырмадық. Дегенмен, жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Матчтың қызу өткендігі қызықты ойынды тартымды етті, бірақ қос команданың да ойыны онша болған жоқ», - деп келтірді Мұхановтың сөзін «Ақтөбенің» баспасөз-қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или