Аслан Дарабаев: «Балалар – біздің болашағымыз, мұны ұмытпауымыз керек»

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы «Арманға бастар жол» атты балалар үйі мен интернат мектеп тәрбиеленушілерінің арасындағы футболдан IV республикалық чемпионаттың басталуына арналған баспасөз-мәслихатына қатысты.

Сәуірдің аяғында бүкіл Қазақстандағы балалар үйі мен интернат мектептерінің футболшылары үшін жыл сайын өтетін футбол мерекесі, республикалық көлемдегі «Арманға бастар жол» сайысы басталды. Бұл жарысты дәстүрлі түрде «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан футбол федерациясы және ҚР БҒМ балалар құқығын сақтау Комитетінің қолдауымен «Бауыржан» қоры, «Цеснабанк» АҚ ұйымдастырды.

Республиканың 13 облысынан 25 команда қатысып, Қазақстан чемпионы атағына таласпақ. Жарыс барысында олар миллиондардың сүйікті ойыны бойынша өз машықтарын, жеңіске деген құштарылығы мен жеңуге деген жарқын ниетін көрсетеді. Чемпиондар үшін ең басты жүлде Испания астанасы Мадридтегі «Висенте Кальтерон» стадионына сапар болмақ. Мұнда «Атлетико» клубының легионерлері Антуан Гризманн, Фернандо Торрес, Тьягу Мендеш секілді футболшылармен кездеседі.

Жас футболшыларды алматылық «Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев та жеке қолдауға шешім қабылдапты, ол қатысушыларды өз армандарына қарсы жүріп, өмірлік жеңістерге тырысуға шақырды, сондай-ақ, олардың кез келгені кәсіпқой футболшылар бола алатынын атап өтті.

Біз үшін мұндай жобаның бір бөлігі үлкен құрмет, себебі біздің өмірдегі ең басты бағыттарымыздың бірі – бұл балаларға көңіл бөлу, олар бұған өте мұқтаж. Балалар – біздің болашағымыз және мұны ұмытпауымыз керек. Біздің жігіттердің ішінде өз таланттарымыз болатынына сенімдімін. Әр бала өз орнын тапқысы келетіні белгілі, ең маңыздығы соған мүмкіндік беру керек, - деп футболшы командаларға сәттілік тіледі. Өз сөзінің соңында Аслан турнир қатысушыларының бірі, Талдықорғандағы балалар үйінің жас ойыншысына өз орнын берді.

Чемпионаттың басталуы аясында Орталық стадионның қосалқы алаңында Алматы, Алматы облысы және Талдықорған қаласының балалар үйі командаларының арасында турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алу үшін матчтар өтті. Алматы облысы №1 балалар үйінің «Ақ барыс» командасы алты ұпай еншілеп, жеңіске жетті.

28 сәуір мен 20 мамыр аарсында Қазақстанның 6 аймағында, Алматы мен Астанада іріктеу кезеңінің ойындары өтеді., соның нәтижесі бойынша Чемпионаттың Алматыда өтетін финалдық кезеңіне 9 команда жолдама алады. 2016 жылдың Чемпиондары үшін ең басты сыйлық ретінде Еуропадағы ең үздік футбол клубтарының бірі «Атлетико Мадридке» жолдама беріледі.

«Қайрат» ФК ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или