Дмитрий Огай: «Қызметімнен босатылғанымды телефон арқылы білдім»

Дмитрий Огай: «Қызметімнен босатылғанымды телефон арқылы білдім»

Бүгін қостанайлық «Тобыл» футбол клубының басшылығы бас бапкер Дмитрий Огайды нәтиженің көңіл-толтырарлықтай болмағанына байланысты қызметінен босатты. Жаттықтырушы өзінің жұмысынан кеткенін ұялы телефоны арқылы білгенін айтты, деп хабарлайды Kazfootball.kz.

— Қызметімнен кеткенімді таңертең білдім. Басшылар хабарласып, орнымнан босатылғанымды мәлімдеді. Негізі бұл әңгіменің шеті бұған дейін де шығып жүрген. Кеше ойыннан кейін шамалы сөйлестік. Бүгін осындай шешім қабылданды. Мен мақұлдадым.

— Командадан Сіздің көмекшілеріңіз де кетеді деген әңгіме бар. Сол рас па?

— Ол туралы әлі нақты айта алмаймын. Қазір кешкі жаттығу кезінде тағы да басшылармен кездесіп, бұл сұрақты қарастырамыз. Сол жиында футболшылармен де қоштасамын.

— Алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз ...

— Дәл қазір ешқандай жоспар жоқ. Өйткені, мен жағдайдың дәл осылай өрбитінін білмедім. Енді демалып аламын. Отбасыммен біраз уақыт өткіземін. Өткен қателіктерімді сараптаймын. Содан кейін не боларын көре жатармыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или