«Жетісумен» матчта «Ақтөбе» құрамында 8 қазақ ойыншы алаңға шыққан

«Ақтөбе» Кубок ойынында қазақ ойыншыларын көптеп шығарған команда атанды

Кешегі «Жетісумен» болған кубок ойынына «Ақтөбе» сапында 8 бірдей қазақ ойыншы шықты, олар Саят Жұмағали, Нұрбол Жұмашев, Дидар Жалмұқан, Абат Айымбетов, Абылайхан Тотай және Самат Смақов. Оған екінші таймға шыққан Тоқтар Жаңғылышбай мен Бағдат Қайыровты қосыңыз. Барлығы 8 қазақ ойыншы. Алаңға шықпаған Мұхамбет Тамабай мен Асланбек Кәкімов, тіркеуге ілікпеген қазақ ойыншылардан Самат Отарбаев пен Мұрат Тілешев те бар.

Ойынға ақтөбе футбол мектебінің 6 түлегі қатысты, екінші таймда алаңға шыққан Бағдат Қайыров жергілікті түлектердің санын тағы біреуге арттырды. Қосалқы құрамда қалған қақпашы Мұхамбет Тамабай мен Асланбек Кәкімовті қосыңыз. Тіркеуге іліге алмаған түлек Сергей Лисенков бар.

Матчқа 9 қазақстандық ойыншы қатысқан, тек екі легионер ойыншы бастапқы құрамға ілінген, олар Сандро Цвейба (оның орнына Куаджа шықты), Илья Михалев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или