Предраг Говедарица: «Павлодарға алғаш келгенімде қала суық және әдемі емес болатын»

Предраг Говедарица: «Павлодарға алғаш келгенімде қала суық және әдемі емес болатын»
<p style="text-align: justify;"> <strong>Қазақстан Премьер-лигасындағы ең жарқын легионерлердің бірі Предраг Говедарица жаңа маусымнан бастап &laquo;Ақжайықтың&raquo; намысын қорғап жүр. Біздің біріншілікке алты жыл бұрын келген сербиялық ойыншы Қазақстан туралы пікірімен бөлісті.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Қазір қазақстандық жарнамалар көп, Астана мен Алматы туралы көп айтады. Бұл ел туралы бүкіл әлем біледі. Мұнда келмей тұрып, Қазақстан секілді ел туралы аз ғана білетінмін. Тарихтан білгенім, Қазақстан &ndash; КСРО-ның бұрынғы республикасы. Өткен маусымды (2009 жыл) &laquo;Ақтөбе&raquo; клубының тамаша өткізгенін, Чемпиондар лигасына шығуына аз ғана жетпей қалғанын білдім. Қазақстандық клубтарда ойнайтын кейбір футболшыларды таныдым. Олар тек жақсы жақтарын айтты. Бірақ мен елдің осындай үлкен екенін ойламаппын да. Павлодарға алғаш келгенімде қала суық және әдемі емес болатын. Бірақ көктем келгенде, бәрі жарқырап шыға келді. Мәдениетке келер болсақ, біздің елдеріміз ұқсас деп айтар едім. 400-ге жуық жыл бойы Сербия түріктердің қол астында болған, бұл өз таңбасын қалдырып кетті. Сонымен қатар, бізде Одақ кезіндегідей коммунизм болды. Әрине, менің елім Еуропаға жақын, ол жақтың өмірі басқа. Бірақ басқа елге бара жатсаң, ол жақта өзгеше мәдениет болатынын түсінуің керек. Соған үйрену қажет&raquo;, - деді Говедарица kazfootball.kz сайтына берген сұхбатында.&nbsp;</p> <p> &nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или