Мамыр айында дзюдо Академиясы ашылады

Мамыр айында дзюдо Академиясы ашылады

13-15 мамыр аралығында Алматы қаласында өтетін «Grand Prix» жарысы аясында дзюдо Академиясының салтанатты ашылуы өтеді.

Сонымен қатар, «Grand Prix» жарысы аясында 13 мамыр күні дзюдо академиясы ресми түрде ашылмақ. Дзюдо академиясының салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысады деп жоспарланған.

Жаңадан ашылатын дзюдо академиясы халықаралық стандартқа сай болмақ. Спорт кешенінде төрт татамиге арналған зал, жаттығу залы, 100 орындық жатақхана мен асханасы орналасады. Онда Қазақстан Ұлттық құрамасымен қатар, жас дзюдошылар да жаттығатын болады. Академияда халықаралық жаттығу жиыны, семинарлар мен шет елдік мамандармен бірлесе әр-түрлі шеберлікті шыңдайтын сабақтар ұйымдастырылмақ.

Естеріңізге салайық, академияның алғашқы тасын қалауға Халықаралық дзюдо федерациясының Президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысқан болатын.

«Grand Prix» Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 13 мамырда сағат 10.00 басталып, финалдық кездесу сағат 17.00 өтеді. 13 мамыр сағат 16.30-де турнирдің ресми ашылуы болады. Жеребе тарту рәсімі 12 мамыр сағат 14.00 өткізіледі.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 000$. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алған дзюдошыға 2400$, бапкеріне 600$ берілсе, екінші орын үшін балуан 1600$ бапкері 400$ алады, ал қола медаль иегері 800$ марапатталады, жаттықтырушысына 200$ сомасында қаржылай сыйлық табысталады.

Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или