Андрей Аршавин: «Ақтөбенің» ойыншыларымен салыстырғанда деңгейіміз жоғарырақ»

«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин ProsportKz.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚПЛ мен өзінің жаңа командасы жайлы айтып берді.

- Андрей, Орталық стадионындағы екінші кездесуіңіз жайлы айтып берсеңіз?

- Атмосфера керемет болды. Біздің жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. «Ақтөбенің» жанкүйерлері де таң қалдырды. Өз командаларын қызу қолдады.

- «Ақтөбемен» өткен ойында үзілісте Кахабер Цхададзе қандай нұсқау берді?

- Босаңсымауды сұрады. Бірақ, бапкердің бұл нұсқауын орындамадық деп ойлаймын. Екінші таймда ойын аса жүрмеді. Соған қарамастан, жеңісті нәтижені сақтап қалдық.

- «Қайрат» бірінші таймда-ақ екі гол соғып үлгерді...

- Қарсылас команданың қақпашысы мықты ойын көрсетті. Жанкүйерлер бірінші тайм 0:0 есебімен бітеді деп ойлаған шығар. Бұл тұрғыда бірінші соққан голымыз өте маңызды болды. Жалпы, біздің әр ойынымыз бірінші голға дейін болмақ. Неғұрлым бірінші соқсақ, соғұрлым жеңіл болады.

- «Қайрат» өз ойынын тапты ма?

- Менің ойымша, «Шахтер» мен «Атырауға» қарсы жақсы ойнадық. Алматыда «Шахтерді» ұтуға жақын болдық, бірақ гол соға алмадық. Әрине, гол соққаннан кейін ойнау жеңілірек.

- «Ақтөбе» - жас команда. «Қайратпен» өткен ойында қызыл қағаз алды. Бұған қоса, Сорокин ойын барысында Жарко Марковичтен ішінен ұрып жіберді. «Ақтөбені» дөрекі команда деп айтуға болады ма?

- Дөрекі команда деп айтпас едім. Ақтөбеліктер әдемі ойын көрсетуге тырысады, бірақ біздің футболшылардың деңгейі жоғарырақ. «Ақтөбеге» гол соға алдық. Соның арқасында жеңіске жеттік.

- Матч барысында сіз Ермек Қуантаевқа кеңес бердіңіз. Не туралы айттыңыз?

- Доппен болғанда қақпаға көтерсің дедім. Ермекте бір-екі сондай сәт болды, бірақ ол көтермеді. Ешкім жоқ болған соң көтермедім деді маған. Мен оған, сен көтере бер, ал онда ешкім болмаған жағдайда, бас бапкердің алдында біз жауап береміз дедім.

- Сүйіктіңіз жақында келеді деген едіңіз. Келді ме?

- Иә, ертең келуі тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или