ТОП-10. Қазақстандағы ең қымбат легионерлер

ProsportKz.kz немістің transfermarkt.com аналитикалық сайтының ақпаратына сүйене отырып, 2016 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жатқан ТОП-10 қымбат футболшылардың жай-күйімен таныстырады.

10. Владимир Аржанов (Атырау) 302 млн 400 мың теңге

30-жастағы украиналық ойыншы Қазақстан чемпионатына былтырғы жылы ауысып келген болатын. Одессалық «Черноморец» командасында өнер көрсеткеннен кейін «Атырау» клубында доп тебуге келді. Осы жылғы маусымда Аржанов «мұнайшылар» сабында бес матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Украиналық ойыншы әмбебаптылғымен ерекшеленеді. Жартылай қорғаушы және шабуылшы рөлінде өзін еркін сезінетін футболшы «Атыраумен» келісімшартын ұзартқан болатын.

9. Марин Аничич (Астана) 321 млн 300 мың теңге

«Астананың» 26-жастағы босниялық қорғаушысы ҚПЛ-дың 6 турында бір мәрте көзге түссе, тағы бір мәрте әріптесінің гол соғуына жағдай жасап берген. Қорғаушы үшін бұл тамаша көрсеткіш. Сонымен қатар, Аничич Босния және Герцеговина құрамасы сабында өнер көрсетеді. Екінші турда Марин «Астана» сабындағы 80-ші кездесуін өткізді .

8. Чиприан Дяк (Тобыл) 340 млн 200 мың теңге

Қостанайлық «Тобылдың» 30-жастағы ойыншысы Чиприан Дяк биылғы маусымда жаңа команда құрамында көзге түсе қойған жоқ. Былтырғы жылы «Ақтөбе» клубында 15 ойын өтізіп, тек бір гол соққан еді. Ендігі маусымды Дмитрий Огайдың қол астында бастаған румыниялық футболшының әзірге нәтижелілігі төмен. Айта кетейік, бұған дейін Дяк ЧФР, «Глория-1922», «Униря», «Оцелул», «Рапид» және «Шальке 04» командаларында ойнаған. Сонымен қатар, Румыния Ұлттық құрамасы сабында 11 мәрте жасыл алаңға шыққан.

7. Патрик Твумаси (Астана) 340 млн 200 мың теңге

21-жасар ганалық футболшы былтырғы маусымды тамаша деңгейде өткерді. «Астананың» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығуына және Қазақстан чемпионатында топ жаруына еңбегі зор болды. Немістің «Вольфсбургы» Твумасиге қызыққан. Бірақ, қараторы жігіт елордалық командада қалуды жөн деп шешті. Патрик алты ойында бір гол соғып, екі нәтижелі пастың авторы атанған.

6. Филип Касалица (Ордабасы) 378 млн теңге

27-жастағы шымкенттік «Ордабасының» ойыншысы Филип Касалица барлық 6 тур ойындарына қатысты. Сол аралықта бір гол соғып, үш мәрте сары қағаз иеленген, бір рет нәтижелі пасы бар. Жарыс кестесінде төртінші орынға жайғасқан «Ордаға» үздік алтылықта қалу үшін черногориялық легионер көп көмектесуде. Бұған дейін, Филип ОФК (Белград), «Единство» (Парачин), «Мачва», «Срем», «Хайдук» (Кула), «Слобода» (Ужице), «Црвена Звезда», «Ульсан Хюндай» және «Истра 1961» командаларында өнер көрсеткен.

5. Исаэл (Қайрат) 453 млн 600 мың теңге

27 жастағы Исаэл Да Силва Барбоза осы маусымда өзін көрсете қойған жоқ, чемпионаттың бірнеше турына қатыса алмады. Себебі Исаэлдің жары жақында өмірге екінші сәбиін алып келген, осыған байланысты Барбоза ұзақ уақыт өз отбасының қасында болды. Қазір Исаэл «Қайратқа» көмектесуге дайын. Дәл осы ойыншы маусымның қорытындысы бойынша үздік легионер атануы мүмкін.

4. Лукман Аруна (Астана) 567 млн теңге

25 жастағы нигериялық хавбек Лукман Аруна биыл ғана «Астанаға» ауысып, чемпиондар сабына жалға келгеніне қарамастан, бірден жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Жартылай қорғаушы, негізінде, киевтік «Динамоның» ойыншысы саналады. Айта кетейік, Лукман «Динамодан» бөлек, франциялық «Монакода», украиналық «Говерлада» және ресейлік «Анжиде» ойнаған. 2008 жылдан бері Аруна Нигерия құрамасында өнер көрсетеді. Аруна Қазақстан чемпионы атануы мүмкін. Дәл қазір хавбек «Астана» сабында екі матч өткізіп, бір гол соқты.

3. Роджер Каньяс (Астана) 567 млн теңге

«Астананың» 26 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушысы Роджер Каньяс былтырғы маусымда ProsportKz.kz нұсқасы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы атанған болатын. Биыл Каньяс алты кездесуде алаңға шығып, бәрінде де сапалы ойынымен көзге түсті. Роджер әзірше гол соғып, нәтижелі пас бере қойған жоқ, бірақ ескертулер алып үлгерді. Каньяс Колумбия ұлттық құрамасында ойнауды армандайды, бұл үшін өз елінің чемпионатына ауысу керектігін де түсінеді. Бірақ, ҚПЛ-да өнер көрсетіп, УЕФА Чемпиондар лигасында ойнау да қызықтырады.

2. Жерар Гоу (Қайрат) 680 млн 400 мың теңге

«Қайраттың» 27 жастағы шабуылшысы Жерар Гоу Кот-д'Ивуар елінің тумасы, өзін алматылық жанкүйерлерге ғана емес, қазақстандық бүкіл футбол қауымына жақсы қырынан көрсетті. Жақында ғана ивуар ойыншысы Қазақстан кәсіпқой лигасынан жүлделер (ҚПЛ-2015-тің үздік ойыншысы және үздік сұрмергені) алған болатын. Жаңа маусымда Гоу нәтижелігімен көзге көріне қойған жоқ. Ол 5 матчқа қатысып, екі гол салды. Оның бірі «Қайратқа» бір ұпай сыйласа, екіншісі алғашқы жеңісін алып келді. 6-тур матчына Гоу жарақатына байланысты қатыса алған жоқ. Жақын арада Джерри алаңда біз үйренген ойынын көрсетеді деп күтеміз.

1. Неманья Максимович (Астана) 756 млн теңге

«Астананың» 21 жастағы сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович осы маусымда ел чемпиондарының барлық матчына қатысты. Жалпы алғанда, гол соғу оның тікелей міндеті емес. Себебі ол алаңда әріптестерін нәтижелі пастармен қамтамасыз етуге мүдделі. Неманья Сербия ұлттық құрамасының ойыншысы. Жақын арада Максимович еуропалық жоғары деңгейлі чемпионаттардың біріне ауысуы мүмкін. Ал әзірше ол ҚПЛ-дағы ең қымбат легионерлер!

Айбар РЫСДӘУЛЕТ, Есет ТӨЛЕШ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или