Қазақстан U-17 екінші кездесуінде жеңілді

Македония астанасы Скопьеде өтіп жатқан УЕФА-ның Даму Кубогында 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы екінші матчын Украина футболшылармен өткізді.

Ойындағы есепті қазақстандық Анастасия Низамутдинова ашты. Біздің құраманың капитаны артынша есепті еселей түсті. Дегенмен, Украина қыздары бірінші таймның аяғына дейін таразы басын теңестіріп үлгерді.

Екінші таймда Әсем Жақсыбай Қазақстан құрамасын тағы алға шығарды. Алайда, украиналық қыздар кездесу соңына дейін есепті теңестіріп кетті. Ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен тең аяқталып, матч соңындағы пенальти сериясында Украина футболшылары дәлдік танытты.

Роман Заев шәкірттері турнирдегі соңғы кездесуін 27 сәуір күні Люксембург құрамасымен өткізеді. Олар бүгін алаң иелері Македония құрамасымен тартысқа түспек.

Қазақстан U17 - Украина U17 - 3:3

Голдар: Низамутдинова - 2, Жақсымбай

Қазақстан: Алмасбай (Исмаилова), Жақсымбай, Флют, Садықова, Волкова (Багули), Низамутдинова, Ақбаева (Скуфина), Төлегенова, Жасұлан (Әділханова), Иванюк (Смағұлова), Серікбай (Серғали).

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или