Cейілда Байшақов: «УЕФА-дағы 14 жыл ішінде қол жеткізген оң өзгерістер көп»

Cейілда Байшақов: «УЕФА-дағы 14 жыл ішінде қол жеткізген оң өзгерістер көп»

Қазақстан футбол Федерациясының вице-президенті, футбол ардагері Сейілда Икрамұлы Байшақов қазақ футболы күніне орай отандық футбол жайлы, клубтарымыз бен Ұлттық құраманың жетістіктері туралы айтып берді.

- УЕФА-дағы 14 жыл ішінде Қазақстан балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық, кәсіби футбол, инфрақұрылымды дамыту, жаттықтырушылар мен төреші мамандарды даярлау саласында көптеген оң өзгерістерге қол жеткізді. Соңғы жылдары  Ұлттық біріншіліктегі командалардың УЕФАЧемпиондар лигасы  мен Еуропа лигасының аясында өтетін турнирлердегі нәтижелеріне көңіл толады. «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығуына бір ақ қадам жетпей қалды, «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып, «Атлетико Мадрид», «Галатасарай», «Бенфика»  сынды мықты ұжымдармен  тең өнер көрсетті. Бұл қазақ футболының тарихында  алғаш рет болғанын атап өткім келеді.

Ұлттық құрама биыл өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Латвияны ұтты, әлемдік рейтінгіде 27 команда саналатын Исландиямен тең ойнадық. Күні кеше отандық мамандарға сеніп тапсырылған Қазақстан Ұлттық құрамасы Әзірбайжан, Грузиямен ойнап, біздің ұстанған бағытымыз өз нәтижесін беріп жатқандығын тағы бір көрсетті.

Футзал құрамасы Қазақстанды әлемге танытты. Еуропа біріншілігіне алғаш рет қатысқан жігіттеріміз Еуропа чемпиондарының өзін жолдан тайдырып, қола жүлдемен елге оралды. Ал әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынған матча Польшаның тас-талқанын шығарып, футзалшылардың  Колумбияда өтетін Әлем чемпионатына баратын мықтылардың қатарына қосылғанын ерекше мақтан тұтамын.

Әрине, бұл бір күндік еңбектің нәтижесі емес. Қазақстан футболының дамуы бір орында тұрып қалды дегендермен келіспейтіндігімді айтқым келеді. Бүгінгі күні Қазақстан футболының даму стратегиясы әзірленіп бітуге жақын қалды. Жақын арада оны жанкүйерлер назарына ұсынамыз деген ойдамын. Балалар мен жасөспірімдер футболының дамуы Федерация ұстанған басты бағыттардың бірі. Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Біз өз футболшыларымызды тәрбиелеуге бар күшімізді салуымыз қажет. Федерация Президентінің бастамасымен Шымкентте «Оңтүстік» футбол академиясы өз жұмысын бастады. Испания футбол мектебінің жаттықтырушылары оңтүстік аймақтың 66 баласына аяқ доптың қыр-сырын үйретіп жатыр. Дәл осындай солтүстіктің жас футболшыларына арналған академияны Астана қаласында ашу жоспарда бар. Сондай ақ, биыл Елордамызда  жастарымызға  қысы-жазы жаттығуға мүмкіндік беретін үлкен алаңы бар футбол манежінің құрылысы басталады. Осындай манеждер еліміздің барлық аймақтарында да болады деген үмітіміз бар. Бұл бағытта кешенді жұмыстар басталып кетті.

Барлық қазақстандықтарды, әлемде нөмірі бірінші саналатын ойынның жанкүйерлерін, қымбатты ардагерлерді, ойыншыларды, әріптестерімді бүгіні мерекелерімен құттықтағым келеді.  Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін.

Айта кетейік, бүгін, 25 сәуір елімізде Қазақстан футболының күні аталып өтіледі. Осыдан 14 жыл бұрын дәл осы күні Стокгольмде  еліміздің футбол қауымдастығы УЕФА құрамына қабылданып,  Қазақстан Еуропа футбол қауымдастығының 52-ші мүшесі атанды.

ҚФФ ресми сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или