Тоқтар Жаңғылышбай: «Қайрат» маған жаңа келісімшарт ұсынған»

«Ақтөбенің» шабуылшысы Тоқтар Жаңғылышбай ProsportKz.kz тілшісіне берген сұхбатында «Қайратпен» өткен ойын жайлы айтып берді.

- «Қайратпен» өткен ойын мен үшін аса маңызды болды деп айта алмаймын. Мен алматылық клубтан аз ойнаған үшін кеткен жоқпын. «Қайрат» маған жаңа келісімшарт ұсынған. Клубтағы кейбір қызметкерлердің маған құрметсіздігін байқадым, сондықтан командада қалғым келмеді.

- «Қайратқа» қарсы ойында өзіңді көрсете алдың ба?

- Әр ойынға тыңғылықты дайындаламын. Өзімді үнемі мықты қырынан көрсеткім келеді.

- Бас бапкер сені не үшін ауыстырды. Сұрамадың ба?

- Білмеймін. Бұл бапкердің шешімі. Мен бұл шешімді құрметтеймін.

- Жарақат үшін емес пе?

- Жоқ, өзімді жақсы сезіндім. Бас бапкердің әр шешімін құрметтеймін.

- Тимощук пен Аршавинге қарсы ойнағанда қобалжыған жоқсың ба?

- Олардың жоғары деңгейлі футболшы екенін білдік. Ойын алдында кішкене қобалжыдым. Бірақ матч басталған соң бәрін ұмыттым. Кездесуде бар күшімді салдым.

- «Қайрат» әділетті жеңіске жетті ме?

- Иә. «Қайрат» допқа көп иелік етіп, әділетті жеңіске жетті деп ойлаймын.

- Матчтың бас төрешісі Алешин Жарко Марковичті ішінен ұрған Сорокинге қызыл қағаз көрсетпеді. Бұл туралы не ойлайсың?

- Мен, шын айтсам, бұл сәтті байқадым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или