La Gazzetta dello Sport: «Гаттузо Қазақстан құрамасын баптайтын болады»

La Gazzetta dello Sport басылымының мәлімдеуінше, Қазақстан футбол федерациясы италиялық бапкер Дженнаро Гаттузомен келіссөздер жүргізуде.

«Қазіргі таңда біздің құраманың деңгейін жоғары дей алмаймыз. Біз қалағандай деңгейге жете алмай келеміз. Клубаралық чемпионаттың дамуына байланысты Ұлттық құраманың дамуына да жағдай жасаймыз.

Гаттузо бізге табиғатымен де, тарихымен де сай келеді. Ол өз жұмысын жақсы көретін нағыз еркек, қиындықтан қорықпайтын адам. Бізге жұмыс істеуден қорықпайтын жаттықтырушы қажет.

Отандық футболмен жақын таныс болу үшін елімізде тұратын болады. Онымен хабарласып, сөйлескенімізге қуаныштымын.

Бірақ Гаттузо алдымен қазіргі командасымен чемпионатты аяқтау керек. Келіссөзді маусым аяқталғанда талқылаймыз. Қос тарап та қалағандарына жетеді деп үміттенемін», — дейді ҚФФ-дағы есімі белгісіз адам La Gazzetta dello Sport басылымына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или