Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогын сәтсіз бастады

Қазақстан U17 құрамасы Даму Кубогын сәтсіз бастады

Македония астанасы Скопьеде басталған УЕФА-ның Даму Кубогында 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ойынды алаң иелерімен өткізді, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Матч 5:2 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Біздің құрамадан Анастасия Низамутдинова мен Карина Әділханова гол соқты. Ойын нәтижесіне көңіліміз толмайды. Алайда, команданың физикалық деңгейі мен ойынды ұйымдастыруы келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Ең бастысы бұл деңгейден айырылмай, оны күшейте түсу қажет, - дейді аға жаттықтырушы Роман Заев. – Екінші таймда біздің құрама өте белсенді қимылдады. Карина Әділханова бұрыштамадан көтерілген допты басымен қақпаға тура бағыттады. Бірнеше гол соғатын мүмкіндіктер болды. Дегенмен, соңғы пастың жетіспейтіні байқалды.

Роман Заев шәкірттері келесі ойынын 25 сәуір күні Украина құрамасымен өткізеді. Украиналық футболшылар алғашқы ойында Люксембург қыздарынан 4:3 есебімен басым түсті.

Македония U17  - Қазақстан U17 - 5:2

Голдар: Низамутдинова, Әділханова.

Қазақстан: Исмаилова, Иванюк,  Садықова, Жақсымбай (Аруова 41) Флют, Низамутдинова, Серғали (Скуфина 41), Төлегенова, Смағұлова (Багули 31), Волкова, Әділханова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или