Елдос Ахметов: «Павлодарлықтарға қолдауы үшін алғыс айтамын»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Павлодарлық «Ертістің» қорғаушысы Елдос Ахметов «Астанаға» қарсы ойында қолдау көрсеткен өз жанкүйерлеріне алғысын білдірді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Соңғы рет біздің стадионда осынша көрерменді Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі польшалық «Ягелоннияға» қарсы матчта көргенмін. Бұл менің «Ертіске» енді келген кезім еді. Ойында трибуналардың толып тұрғанына қуаныштымын. Оларға қолдаулары үшін алғыс айтамын. Солардың арқасында екі гол салдық. Тағы да мүмкіндіктер болып еді, бірақ қарсыласымыз мықты. Тек жеңіс үшін ғана ойнағанбыз», - деді Ахметов. </p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или