Шава мен Тимоның алғашқы голдары «Қайратқа» жеңісті әперді

Шава мен Тимоның алғашқы голдары «Қайратқа» жеңісті әперді

«Қайрат» футбол клубы Алматы қаласындағы Орталық стадионда өз алаңындағы алғашқы жеңісіне жетті.  Цхададзе шәкірттерінің соққан үш голына «ақтөбеліктер» мардымды жауап қайтара алмады.

Кездесу өте қарқында басталды. Алғашқы минуттардан шабуылға шыққан алаң иелерінің гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Алайда біресе Гоу шатысса, енді бірде Самат Отарбаев өзінің мықты қақпашы екендігін дәлелді. Дегенмен, 10 шақты соққыдан кейін «Қайрат» ойыншылары есепті ашты. Алаң шетінде допқа талас жүргізген Анатолий Тимощук допты Жерарға асырды, ал Гоу өз кезегінде қақпа маңында тұрған командаласына әуелетіп пас берді. Бойы ұзын Жарко Маркович аса қиындықсыз допты қақпаның алыс бұрыштығына дәл түсірді.

Арада екі минут өтісімен алаң ортасынан Исламхан ашылып бара жатқан Гоуға тамаша пас асырды. Қақпа маңына келгенде Жерар Гоу өзінің гол соғатын мүмкіндігіне қарамастан әріптесі Андрей Аршавинге пас берген болатын. Ал «Шава»  өзінің Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Екінші таймның соңғы минуттарында Анатолий Тимощуктің жасаған қитұрқы соққысын Самат Отарбаев қайтара алмады.

Осылайша, Кахабер Цхададзе шәкірттері өз алаңындағы бірінші жеңісіне жетті. Ал Аршавин мен Тимощук «Қайрат» сапындағы алғашқы голдарын соқты.

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 3:0 (2:0)

Голдар: Маркович 42, Аршавин 44, Тимощук 91

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или