«Тобыл» екі гол басымдығын ұстай алмады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 7-турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында талдықорғандық «Жетісумен» тең тарқасты.

Ойын алаң иелері үшін сәтті басталған. Рауль Джалилов 1-ші минутта-ақ қанжығасын майлады. Араға 12 минут салып Джалилов есепті еселеді. «Тобыл» кездесу тағдырын шешіп тастағандай көрінген. Бірақ үзілістен кейін талдықорғандықтар таразы басын теңестіріп кетті. 54-минутта Душан Савич көзге түссе, екі минуттан соң Бауыржан Тұрысбек есепті теңестіріп тастады. Қорытынды есеп – 2:2.

«Тобыл» - «Жетісу» 2:2 (2:0)

Голдар: 1:0 – Джалилов 1, 2:0 – Джалилов 13, 2:1 – Савич 54, 2:2 – Тұрысбек 56

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или