«Ертістің» ойыншысы «Ақтөбеге» көмектесті ме?

«Ертістің» ойыншысы «Ақтөбеге» көмектесті ме?

Біріншіліктің 6-турында «Ақтөбе» мен «Ертіс» арасындағы ойында павлодарлық клубтың қақпасына белгіленген пенальти жанкүйерлер мен футбол мамандары арасында дау тудыруда.

Нақтырақ айтсақ, «Ертістің» жартылай қорғаушысы Пірәлі Әлиев «ақтөбеліктерге» көмектесу үшін айып алаңында қолмен әдейі ойнаған. Бұл жағдайға байланысты «Ертіс» футбол клубының директоры Игорь Елащукке хабарласып, пікірін білдік.

- Дәл сол сәтте тәртіп бұзылды. Мен сол маңда жүрген едім. Доп Пірәлі Әлиевтің қолына тиді. Ал «Ертіс» қақпасына пенальти белгілеу яки белгілемеу алаңдағы төрешінің құзырында еді. Төреші оқиға орынына бізден де жақын жүргенін ескеру керек. Жалпы, мен төрешінің шешіміне қатысты пікір білдіре алмаймын. Себебі, бұл үшін өзім жазаланып, айыппұл төлеуім мүмкін. Мен тек көзбен көргенімді айттым. Ал «Ақтөбе» мен «Ертіс» арасындағы матчқа төрелік еткен Марат Ысқақовты Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік қадағалау комитеті жазалапты деп естідік. Демек, төреші қателікке бой алдырғаны да. Бірақ, енді ештеңені өзгерте алмайтынымызды ұмытпайық. Чемпионат жалғаса бермек. Әрине, «Ертістің» жеңісті сериясының бұзылғаны да өкінішті, - деді Игорь Елащук.

Отандық спорттық сайттардың жазуынша, Пірәлі Әлиев мұндай қадамға әдейі барған. Себебі, Пірәлінің ағасы Әли «Ақтөбе» капитаны Самат Смақовпен жақын дос. Яғни, «Ертістің» жартылай қорғаушысы ағасының нұсқауымен «тәртіп бұзып», жанкүйерлер алдында чемпионатты сүреңсіз бастаған «Ақтөбенің» еңсесін көтеруге жәрдемдесіпті-мыс. Өйткені, 6-турда «ақтөбеліктер» өздерінің негізгі алаңы – Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда биылғы маусымдағы алғашқы кездесуін өткізген-ді. Бұған дейін аталған стадион командаларды қабылдауға дайын болмай шықты. Сол себепті, «Ақтөбе» үйдегі матчтарын басқа алаңдарда өткізуге мәжбүр болды.

pavlodarnews.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или